383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Экспо-2017» көрмесіне қатысатын бірнеше елдің павильондары қолданысқа берілді

  • 1323

Бүгін Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысатын бірнеше елдің комиссарларына тиісті павильондар қолданысқа берілді. «Болашақ энергиясы» тақырыбына өтетін халықаралық «Экспо» көрмесіне дайындық деңгейі өте жоғары десек, қателеспейміз. Тілшілер қауымы шара өткізілетін аумаққа кіріп, оның куәсі болып отыр. Бірер минут бұрын 5 қатысушы мемлекеттің комиссарлары тиісті құжаттарға қол қойды. Енді олар өздеріне тиесілі павильондарға кіріп, ғимаратты безендіруге кіріспек.

Мұндай мүмкіндікті иеленіп, «Экспо» көрмесінің аумағына алғаш болып қадам басқандардың тізіміне Қытай, Франция, Германия, Венгрия елдері мен Түркия кірді. Жаңа ғана олар келушілер алдында өз жоспарларымен бөлісіп, стендтерін паш етті. Презентация жасау үшін әрқайсысына 3 минут уақыт берілді. Кейін сахна төріне «Астана Экспо» компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көтерілді. Ал дәл қазір Франция мен Қытай елдерінің комиссарларына «Экспо» қалашығында орналасқан пәтер кілттері табысталып жатыр. Яғни бұл мемлекеттер бүгіннен бастап, қарқынды дайындық жүргізе бастай алады.

Көптен күткен халықаралық «Экспо» көрмесінің басталуына 8 ай уақыт қалғанын көрермендеріміздің естеріңізге сала кетейік. 105 ел шараға қатысатының ресми түрде растады. Олардың 102-і комиссарларын тағайындады. Мұнда барлығы 113 павильон салынған. Қатысушылар тұратын пәтерлер де қажетті жиһазбен жабдықталған. Қазақстан тарихында ерекше орын алатын шараға қатысушы мемлекеттердің басым бөлігі көрме аясында өз елінің ұлттық күнін өткізуге ниет білдірді. Қазір оның кестесін құру жайында келіссөздер жүріп жатыр. Сол себепті «Экспо» көрмесі өте қызықты әрі барлық қонақтар үшін танымды болады деп толық сеніммен айтуға болатын сынды. 

Хабар 24 телеарнасы