389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мыңға жуық адам көлік салығын төлемеген

  • 668

Елорда бойынша мыңға жуық жүргізуші жылдар бойы көлік салығын төлемеген.

Бұл жөнінде Сарыарқа аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері арнамыздың тілшілеріне хабарлады. Айтуларынша, 2014 жылдан бері төленбей келген салықтың жалпы көлемі 15 миллион теңгеге жуықтаған. Мамандар жүргізушілердің көлік салығын төлеу керек екенін білмедім деп ақталатындарын айтады. Дегенмен, салық қызметкерлері әрбір борышкерге хабарлама жібереді. Бұған құлақ аспаған жағдайда жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылады. Осы ретте айта кету керек, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» таққан аналар, ҰОС ардагерлері салық төлеуден босатылған.

Жұмабек Надирқұлов, жеке сот орындаушы:

- Еліміздің заңына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылады. Тәртіпке бағынбаған жағдайда банктегі шоттарын, көлігін және өзге де мүлкін тәркілейміз. Егер борышкердің өтеуі тиіс сомасы 4 млн теңгеден асса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Азат Уахитов, Сарыарқа ауданы бойынша МК басқармасының жетекші маманы:

- ҰОС ардегерлеріне жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, 1, 2 және 3 топ мүгедектері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иеленген батыр аналарға да жеңілдіктер бар. Яғни, олар 2014 жылы тіркелген, қозғалтқыштың көлемі 4 мың текше см-ден аспаған жағдайда ғана көлік салығынан босатылады.

Хабар 24 телеарнасы