387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда лаңкестермен болған атыстан 3 әскери қаза тапты

  • 604
Түркияда лаңкестермен болған атыстан 3 әскери қаза тапты Фото: www.ntv.com.tr

Түркияның Хаккари провинциясына қарасты Даглыжа аймағында болған атыстан 3 сарбаз қаза тауып, тағы біреуі жараланды.

Бұл туралы NTV Haber хабарлады. Хаккаридің Юксекова ауданында жүргізілгн қауіпсіздік қызметкерлері мен «Күрдістан жұмысшы партиясы» лаңкестері арасында атыс шыққан. Жаралы әскери Хаккари ауруханасына жеткізілді. Атыста 6 лаңкестің көзі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы