376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Құлпынай жұпары» телехикаясының жұлдыздары үйленуге шешім қабылдады

  • 3910
«Құлпынай жұпары» телехикаясының жұлдыздары үйленуге шешім қабылдады Фото: Sabah

«Құлпынай жұпары» түрік телехикаясының жұлдыздары Демет Өздемир мен Юсуф Чим үйленетін болды.

Бұл туралы түрік басылымдары хабарлады. Телехикаядан басталған махаббаттары осылайша шын өмірде де жалғасын таппақ. Жуырда ғана бір-бірінің отбасымен танысқан Юсуф Чим жақында Деметке құда түсіп келмекші. Ал үйлену тойын танымал жұп алдағы жылға белгілеп отыр. Айта кетейік, қазір олар Мерве Булугурмен бірге телехикая түсіріліміне әзірленіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, ғашықтар бір рет айырылысып, қайта қосылған еді. Ажырасуларына қызғаныш себеп болған. 

Хабар 24 телеарнасы