389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутаттар «Қазақфильм» киностудиясының дубляждау жұмысымен танысты

  • 934
Депутаттар «Қазақфильм» киностудиясының дубляждау жұмысымен танысты Фото: abai.kz

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары дамыту комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев, әлеуметтік-мәдени дамыту комитетінің мүшелері Кәрібай Мұсырман және Жанат Омарбекова, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Снежанна Имашева, сондай-ақ, экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің мүшесі Айзада Құрманова келді.

Кездесу барысында депутаттар киностудияның жұмысымен, оның жаңа жобаларымен және киноөндіріс процесімен танысты. Сондай-ақ қонақтар дубляждаудың барлық түрлері (актерлік дыбыстау, дикторлық дыбыстау, субтитрлау) және оған бөлінетін қаражат туралы ақпарат сұрады.

Цифрлық кешеннің қызметкерлері депутаттарға, 2010 жылы «Қазақфильм» киностудиясы технологиялық базасының жаңа модернизациядан өткені жайлы айтып берді. Атап айтқанда, өндірістің барлық кезеңдерінде жұмыс істеу үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгені, өндірістік алаңдардың жөндеуден өткендігін жеткізді.

Сондай-ақ киностудия қызметкерлері дыбыстауға бөлінетін қаражат мәселесі жобаға байланысты әртүрлі болатынын, мысал ретінде, бір фильмді қазақ тіліне актерлік дыбыстау жасау үшін 10 млн теңге көлемінде қаражат кететін айтты.

Хабар 24 телеарнасы