386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында биыл ғана жөнделген мектептің шатырынан су ағып тұр

  • 809

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Қарашілік ауылында биыл жазда ғана жөндеуден өткен орта мектептің шатырынан қазір қайтадан су сорғалап тұр.

Жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 700 мың теңге бөлінген. Алайда, құрылыстың сапасы сыр беріп, білім ошағының мазасы қаша бастады. Мұнда қазір 116 бала оқиды. Мектеп ғимараты тоқсаныншы жылдары салынса да, бүгінде әбден тозып кеткен. Аудандық білім бөліміндегілер алдағы жылдары күрделі жөндеу жүргізілетінін айтады. Ал, шатырдың кем-кетігін мердігердің өзі реттеуі тиіс деп отыр. Айта кету керек, Бурабай ауданының білім саласына биыл 4 млрд теңге қаржы бөлінген.  

Махаббат Уәлиева, Қарашілік орта мектебінің директоры:

- Енді ол кісінің гарантиясы бар. Астанадан «Промастап» деген фирма шыққан. Ол кісілерге хабарланды. Ол кісілер келіп, қайтадан жөндеу жүргізеді. Мектепте жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде, яғни мектептің сылауына, сырлауына.

Жангелді Төлегенов, Бурабай аудандық білім бөлімінің меңгерушісі:

- Жөндеу жұмыстары бойынша қаражаттар әлі төленген жоқ. Әрине, нақты комиссия барып, сол жерде талқылап, сол жерде талдайды. Егер қандай да бір ақау шығар болса, ақша төлемейді. Мердігерге әлі бір тиын төленген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы