388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украин жігіті төлқұжаттағы аты-жөнін Айфон Сим деп өзгертті

  • 760
Украин жігіті төлқұжаттағы аты-жөнін Айфон Сим деп өзгертті https://www.yahoo.com/tech/ukrainian-man-renames-himself-iphone-7

Украинадағы дүкендердің бірі өз аты мен тегін Айфон Сим (жетінші) деп өзгерткен адамға жетінші «айфонды» небәрі 1 гривнаға (шамамен 13 теңге) сататыны туралы жариялаған еді.

Жуырда 20 жастағы Олександр Станиславович Тюрин атты жігіт жұрттан бұрын аты мен тегін ресми түрде ауыстырып, су жаңа iPhone 7-ге қол жеткізді.

Айта кету керек, бұл гаджет Украинада 850 АҚШ доллары тұрады. Ал Олександр болса, аты-жөнін ауыстыруға 2 доллар жұмсаған.

Жігіттің отбасы мен достары бастапқыда оның бұл әрекетін мүлде түсінбепті. Артынша үйренісіп кеткен екен.  

Олександр үйленіп, отбасылы болған кезде өзінің туған кезде берілген аты-жөнін қайтарып алатынын айтып отыр, деп хабарлайды AP.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Украинадағы дүкендердің бірі өз аты мен тегін Айфон Сим деп, ресми түрде өзгерткен адамға iPhone 7-ні небәрі 1 гривнаға сататынын айтып, байқау ұйымдастырған болатын.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы