384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

  • 1316

10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевті  өлім жазасына кесіп, дүние-мүлкін тәркілеу туралы бүгін сот үкімі шықты. Ол зардап шеккендердің отбасына 50 миллион теңге төлеуі тиіс. Сот үкімі қайта қарауға жатпайды. Алматыда өтіп жатқан сот ісі жөнінде тілшіміздің хабарлауынша, қаза болғандардың туыстары бұл шешімді қолдап отыр. Елімізде өлім жазасына кесуге мораторий жарияланғанымен, сотта қаралған мұндай істер бойынша ең ауыр жазаны тағайындауға тыйым салынбайды.

Айта кетейік, 18  шілдеде Алматыда  Ішкі істер басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне қарулы шабуыл жасалды. Бұл террорлық әрекеттерді бұрын істі болған Руслан Күлекбаев ұйымдастырған.

Хабар 24 телеарнасы