385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда жаңа премьер-министр тағайындалды

  • 677

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе тосын жанжалға байланысты жаңа Премьер-Министрді тағайындады.

Үкімет басшылығына Ким Бён Джун бекітілді. Енді мұны ел парламенті мақұлдауы тиіс. Пак Кын Хе ханым бұл өзгерісті құрбысы Цой Сун Щильге қатысты дау-дамайдан соң халықтың сеніміне қайта ие болу үшін жасаған. Қазір Оңтүстік Кореяда президенттің досына қатысты жанжал тоқтамай тұр. Халық Чон Сун Щиль ірі корпорацияларды өзіне қатысы бар 2 қорға қомақты қаржы аударуға мәжбүрледі деп айыптаса, Президентті құрбысын мемлекеттік істерге араластырды деп кінәлап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы