389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесіне қатысады

  • 585

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің жұмысына қатысу үшін Бішкекке барды.

Ең алдымен, Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Тараптар екі елдің әлеуметтік-экономикалық даму келешегінің, соның ішінде экономикалық ықпалдастық, техникалық жәрдемдесу және тарифтік саясат саласындағы даму мәселелерін талқылады. Естеріңізге сала кетейік, ертең Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі басталады. Бүгінде Қазақстан осы ұйымның төрағасы болып табылады. Ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекет басшыларының саммиті өтеді.

Хабар 24 телеарнасы