384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда шоколад жәрмеңкесі өтеді

  • 594
Испанияда шоколад жәрмеңкесі өтеді http://www.espanarusa.com/

Испанияның Мерида қаласында Бірінші шоколад жәрмеңкесі өтеді.

Мұнда 24 қатысушы Пиреней түбегінің түкпір-түкпірінен әкелген шоколад өнімдерін келушілер назарына ұсынады, деп хабарлайды espanarusa.com.

Бұл мерекеде тәтті сүйгіш балалар да ұмыт қалған жоқ. Танымал кондитер Фернандо Роман кішкентайларға арнап, Master Chef Dulce шоколад көрмесін өткізеді.

Ал ересектер үшін кондитер өнімдерін пісірудің шебері Хусто Альмендро кәмпит әзірлеу жөнінен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Келушілер осы шебердің зәйтүн майы мен қызыл түсті жеміс-жидектер қосып әзірлеген шоколад десертінен дәм татып көруіне болады.  

Жалпы бұл жәрмеңкенің мақсаты дәстүрлі шоколад өнімдерінің адам денсаулығы үшін пайдасын насихаттау болып табылады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы