381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жаңа геоглиф табылды

  • 848

Қостанайлық зерттеуші облыс аумағында орналасқан тағы бір геоглифті анықтады.

Болжам бойынша, бұл Торғай ойпатынан табылған қола дәуіріндегі тайпаларға тиесілі қорған-тектес бедерлердің тозығы жеткен жұрнағы болуы мүмкін. Нысандар Қостанай қаласының іргесінде жатыр. Оны жер-серіктік түсірілім арқылы көре аласыз. Жермен жексен болған бедерлерді өзге төбешіктерден ажырату да қиын. Нобайы трапецияға келетіндіктен ғалымдар геоглифке «Қостанай Тетрагоны» деп атау берген. Ол грек тілінен аударғанда «төрт-таған» деген мағына береді. Таяу келешекте археологтар бұл жерде қазу жұмыстарын жүргізуге ынталы.

Дмитрий Дей, «Turgay Discovery» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі:

- Бұл нысанды мемлекеттің арнайы бақылауындағы ескерткіштер тізіміне енгізу керек. Археологтарға қаржы бөлінсе, жаңа ақпараттар табылып, көпшіліктің қызығушылығын оятар еді. Осыны тұрғызып, құрылысын жүргізген адамдардан, тұтынған бұйымдарынан бір белгі қалатыны анық қой, соны археологтар тауып алса, қандай тамаша?!

Хабар 24 телеарнасы