384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дағыстанда судан уланған адамдар саны артты

  • 737
Дағыстанда судан уланған адамдар саны артты http://pix-geeks.com/maitres-eau/

Дағыстанның астанасы Махачкаланың халқы күнделікті ішетін судан жаппай уланды.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, уланып ауруханаға түскен адамдар саны 800-ге жуықтаған. Олардың тең жартысынан астамы балалар екендігі анықталды.

Осыған байланысты «Махачкалаводоканал» АҚ-ның бас директоры Магомед Муртазалиев ұсталды.  

Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатиповтың мәлімдеуінше, жаппай улануға кәріз құбырларының жарылып, оған ағынды сулардың араласып кетуі себеп болған. Ал бұл құбырларды жөндеуге жұмсалуы тиіс болып, бюджеттен бөлінген ақшаны жемқорлар қалтаға басып кеткен.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы