387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каледегі лагерьден жасөспірімдер көшірілді

  • 679

Франция билігі Каледегі «Джунгли» атанған келімсектер лагерінен барлық жасөспірімді ел аумағындағы арнайы орталықтарға көшірді.

Бұл жолы лагерьден қараусыз жүрген 1 мың 600 қыз бен бала әкетілді. Олардың қай орталыққа баруды таңдауға құқы болмағанмен, бірге тұратын досы не құрбысын ертуге мүмкіндік берілген.

Фабьен Букко, Па-Де-Кале әкімшілігінің өкілі:

- Енді жас өрендер жаңа өмірге бейімделуі керек. Естияр балалар тез үйреніп кетсе керек. Олар француз, ағылшын немесе өздері баратын елдің тілін меңгеруі тиіс. Менің ойымша, бұл жеткіншектер ертең-ақ ерте есейіп, толыққанды азамат болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың соңында жергілікті билік заңсыз лагерьді толығымен бұзған. Онда 6 мыңнан 9 мыңға дейін мигрант тұрып келді. Франция билігі Еуропадағы босқындар дағдарысының белгісіне айналған күркелі қалашық қайта бой көтермейді деп уәде беріп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы