389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ливияда 2 резеңке қайық апатқа ұшырап, 250 мигрант суға кетті

  • 819

Ливия жағалауында 2 резеңке қайық апатқа ұшырап, 250 мигрант суға кетті.

«Балаларды құтқарайық»халықаралық ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, 31 босқын құтқарылып, аман қалған. Олардың көбі Италияның Лампедуза аралына жеткізілді. Марқұмдар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері мигрантар Батыс Африка елдерінен шығып, Ливия мен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетуді көздегенін айтады. Еске сала кетейік, биыл жыл басынан бері Жерорта теңізінде болған апаттардан 2 мың 200-ден астам босқын көз жұмған.

Леонард Дойл, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілі:

- Еуропаның әскери теңіз-күштері жүргізген операциялар арқасында адамдарды заңсыз тасымалдаушы топтарға қарсы күрес күшейтілді. Олар осы мақсатта қолданылатын кеме-қайықтарды жойып жатыр. Бірақ сенімді су көліктерінен айырылған қылмыстық топтар енді қауіпсіздік жағынан талапқа мүлде сай келмейтін қайықтарды жаппай пайдалануға кіріскен сыңайлы. Бұл мигранттардың өміріне төнген қауіп-қатерді одан сайын үдете түсті.

Хабар 24 телеарнасы