376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париж көшесіндегі заңсыз лагерьден мигранттар көшірілді

  • 711

Париж әкімшілігі қаладағы екі метроның арасында заңсыз пайда болған келімсектер лагерінің мигранттарын шаһар маңындағы арнайы орталықтарға көшіруді бастады.

Шараға 600 сақшы тартылған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, алдымен Судан, Эритрей, Сирия және Ауғанстаннан келген 3 мың 800 мигрант көшіріледі. Олардың 80%-ы босқын мәртебесін алуға өтініш беріп қойған. Бұдан бөлек, қала әкімшілігі жыл соңына дейін 1 мың адамды қабылдай алатын тағы 2 орталық ашпақ.

Хабар 24 телеарнасы