375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы көпқабатты 44 үй жылусыз қалды

  • 856

Қостанайдағы 44 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз, ыстық сусыз қалды.

Құбыр жарылған. Таңертең басталған жөндеу кешке дейін жалғасты. Арнайы бригада осы уақыт ішінде тесілген 10 метр құбырды ауыстырған. «Бұл жылу беру кезіндегі бірінші апат», - дейді мамандар. Жалпы, қалада 220 шақырым жылу құбырының 70%-ы әбден ескірген.

Андрей Корсуков, Қостанай жылу энергетикалық компаниясының бөлім басшысы:

- Жылу беру маусымында күн сайын құбыр жарылады. Оны шұғыл түрде жөндеуге тырысамыз. Бұл ақауды біз кеше анықтағанбыз. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, қаланың шағынауданына ертемен жылу, ыстық су беруді тоқтаттық. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Бүгін барлық үйге жылу беріледі. 

Хабар 24 телеарнасы