383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әлеуметтік мәселелерді шешуге кәсіпкерлер атсалысып жатыр

  • 1011

Алматы қаласында жыл басынан бері 105 жекеменшік балабақша ашылды.

Бір қуанарлығы, әлеуметтік мәселелер тек бюджет есебінен ғана емес, кәсіпкерлердің атсалысуымен де шешіліп келеді. Ал коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген пәтер саны былтырғымен салыстырғанда екі есе артты. 

Тоқсаныншы жылдардың басында жұмыссыз қалған Әлия Бектілеуова жеке тапсырыс бойынша киім тігіп сатуды қолға алады. Үлгісі әдемі, сапасы жақсы болғандықтан бүгінде тұрақты тапсырыс берушілер саны да көбейген. 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер болашақта тігін цехын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Әлия Бектілеуова, кәсіпкер:

- Өзіміздің брендті алдық. Сол брендпен өзіміздің киімді шығарамыз деген мақсатымыз бар. Сол мақсатпен жаңа сән үйін салдық. Сол сән үйінің жоғары жағында тігін цехымыз болады. Төменгі жағында өзіміздің брендпен тігілген киімдер сатылады.

Алматы экономикасының негізгі тірегі шағын және орта бизнес. Қалада Әлия Демеуханқызы секілді 180 мыңнан астам кәсіпкер бар. Іскер азаматтардың арқасында жарты миллионнан аса қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Тағы бір айта кететін жайт, соңғы жылдары кәсіпкерлер балабақша ашуға да ден қойып отыр.

Әлия Сағиева, қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімінің басшысы:

- Биыл 105 жекеменшік балабақша Алматы қаласында ашылды. 4 мыңнан көп бала қазір бізде орналастырылған. Оның ішінде 81 балабақша мемлекеттік тапсырыспен жұмыс атқарады. Мемлекеттік тапсырыс деген әр балаға ай сайын Алматы қаласында 20777 теңге бөлініп отырады. Көмекке.

Бизнестен түсетін салық әлеуметтік мәселелерді шешуге де септігін тигізіп отыр. Мысалы, былтыр коммуналдық тұрғын үй қорынан мұқтаж жандарға 289 пәтер берілсе, биыл 700-ге жуық пәтер берілген. Ал сатып алу құқымен жалға алу бағдарламасы арқылы 1200 алматылық баспаналы болды.  

Рита Нұрбекқызы, қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы м.а.:

- Осы жылдың аяғына дейін тағы да бізде ҚИК компаниясы және ТҚЖБ арқылы 584 пәтер берілуге хабарлама беріледі. Тұрғын үйге мұқтаж адамдар, кезегінде тұрған азаматтар сол бағдарламаға қатысу үшін өтініш бере алады.

Қазақстан экономикасының 5/1-і Алматыда қалыптасады. Атқарушы биліктің басты мақсаты шағын және орта бизнеске жағдай жасау арқылы осы көрсеткішті одан әрі жақсарту. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы