386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде көпір құрылысына жұмсалатын шығынды 30 пайызға қысқартуға болады

  • 598

Елімізде көпір құрылысына жұмсалатын шығынды 30 пайызға қысқартуға болады.

Мұндай мүмкіндікке Алматыдағы көпір құрылымдарын жасайтын зауыт технологиялары арқылы қол жеткізілмек. Зауытта көпір жасаудың жаңа әдісі таныстырылды. Бұл кәсіпорында көпірдің серпімді тіректі арқалықтары түрлі пішінде жасалады. Бұл жердегі негізгі ерекшелік пішін құюдағы есептің дәлдігінде. Егер ол дұрыс есептелмесе, сапалы өнім де шықпас еді. Енді бұл технологияның арқасында шығын да азайып отыр.

Темірхан Меңдіғалиев, «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ басқарма басшысының орынбасары:

- Елімізде көпір құрылымдарын пайдалану мен жасауға жаңа өзгерестер қажет. Біз еліміздің жол құрылысы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, осы мәселені қолға алып жатырмыз. Мына технология арқылы құрылыс шығынын 30 пайызға азайтуға болады.

Бүгін мұнда 70 тен астам инженер жобалаушылар келді. Олар жаңа көпір құрылысына қажетті тіректі арқалықтардың жасалуына қызығушылық танытты. Өйткені тапсырыс берушілер құрылыс жобасының арзан болғанын қалайды.

Лилия Кан, жобалаушы компанияның директоры:

- Кез-келген жобалаушы бұл жобаны қолдана алады. Салынатын нысанға байланысты оның сызбасы да өзгеруі мүмкін. Бірақ оны игеру қиын емес.

Көпір салуға көп қаржы жұмсалады. Мысалы Павлодар облысында Ертістің үстінен көпір салуға мемлекеттік бюджеттен 53 миллиард теңге жұмсалған. Егер осы қаражатты 30 пайызға азайтсаңыз кәдімгідей үнемнің болатынын байқайсыз. Екіншіден көпір салу құрылысына кететін уақытты да үнемдейді, - дейді мамандар.

Авторлары: Алмас Сәдуақас, Алма Оразбаева, Әбен Нарынбаев.

Хабар 24 телеарнасы