386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ескі көпір жөнделіп, ел игілігіне берілді

  • 836

Шымкентте ескі көпір қайта жаңғыртылды.

Қалада темір жолдың үстінен өтетін негізгі өткел Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан. 60-шы жылдары салынғандықтан әбден тозған да еді. Бастапқыда ені 9 метр болса, қазір 21 метрге кеңейтілді. Енді көліктер бірнеше бағыт бойынша еркін қатынай алады. Кептеліс те болмайды. Көпір құрылысына асфальтқа төселетін қиыршық тас пайдаланылған. Бұл өте берік, әрі алдағы он жылға дейін жолдың сапасын сақтап тұруға мүмкіндік береді, - дейді мамандар.

Қалмырза Махамбеталиев, қала тұрғыны:

- Мына бүгінгі ашылып жатақан жолымыз ел бірлігінің, ел тыныштығының, еліміздің алып жүрген жаңа бағытының дұрыстығын көрсетіп тұр.

Қуатжан Жұматаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Құрылысқа жалпы 1 миллионнан аса қаржы бөлінген. Бұл көпірдің маңыздылығы қала мен Төлеби ауданы арасын жақындатып, қосады. Екі жолақ болатын, қазір 2 жолақтан, 6 жолақ болып жатыр. Екі жолақ кезінде тәулігіне 7-10 мың көлік өткізуге шамасы болса, бүгінгі таңда 30-35 мыңға өткізуге шамасы бар.

Хабар 24 телеарнасы