378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Ішкі істер департаментіне қарасты бірнеше бөлім жаңа ғимаратқа көшірілді

  • 1036

Атыраудағы ішкі істер департаментіне қарасты бірнеше бөлім жуырда жаңа ғимаратқа көшірілді.

Халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында ашылған кеңсеге тіркеу-емтихан бөлімі, көші-қон және әкімшілік полиция басқармасының мамандары жайғасады. Өйткені бұл бөлімдер халықпен тығыз жұмыс істейтін құрылымдар. Қазір мұндағы мамандар көпшілікке бір терезе қағидасы бойынша, қызмет көрсетіп жатыр. Мәселен, бұл бөлімшелерде күніне шамамен мыңнан аса тұрғын түрлі құжаттарын рәсімдейді.

Абылайхан Бекқалиев, қала тұрғыны:

- Өте ыңғайлы мына жерде тар ештеңесі жоқ, бірнеше терезеден қабылдап жатыр. Ана ескі ғимарат өте тар болып еді, ыңғайсыз әрі кісілер толып тұрады, ортадағы терезелер бір-біріне жап-жақын. Қазір жақсы 30-40 минут бұрын келіп ем, құжаттарымды тапсырып кетіп барамын. Жалпы халыққа ыңғайлы жасалған.

Маратбек Қалибеков, Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөлімшесінің басшысы:

- Облыс тұрғындарымен қатар көліктер саны да күн сайын еселеп өсіп келеді. Соған байланысты мына жаңа, кең, талапқа сай ғимаратқа көшу мәселесі шешілді. Қазіргі күні мына ғимарат деген біздің халыққа қызмет көрсету мәселесіне, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сапалы қызмет көрсетуге жан-жақты, талапқа сай етіліп жасалған. 

Хабар 24 телеарнасы