384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің потенциалды қарсыласы Пакьяо әлем чемпионы атанды

  • 920

Лас-Вегаста WBO тұжырымдамасы бойынша 66,7 келі салмақ дәрежесіне дейін әлем чемпиондығы үшін жекпе-жек өтті.

Жекпе-жек американдық Джесси Варгас пен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасында болды. Пакьяоның промоутері Боб Арум Мэннидің орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтаса алатындығын айтқан. Алайда кейін бұл сөзінің жай әзіл болғандығын айтып ақталды. Ал Пакьяоның жаттықтырушысы Фредди Роуч егер GGG 154 фунт салмаққа дейін түссе, бұл кездесудің мүмкін екендігін жоққа шығармады. Ал филиппиндік пен Варгастың кездесуі төрешілердің шешімімен Мэннидің пайдасына шешілді. 

Хабар 24 телеарнасы