384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада білім жәрмеңкесі өтті

  • 905

Елордада білім жәрмеңкесі өтті.

Оған еліміздің 10-нан астам жоғары оқу орны қатысты. Мақсат түлектерге бағыт-бағдар беру. Яғни мұндағы мамандар үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған 11-сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ жоғарғы білімі барлардың шетелдерде магистратура немесе докторантура бойынша оқуын жалғастыруына мүмкіндік жасалған. Осымен төртінші рет өткен білім жәрмеңкесіне шетелдік университет өкілдері де қатысты. Олардың ішінде Ресей, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, АҚШ пен Сингапурдың үздік оқу орындары бар.

Ерден Шаймардан, ұйымдастырушы:

- Бұл көрмеде студент пен жоғары оқу орындары ғана емес, ЖОО-да бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната бастайды. Мысалы, кеше Алматы қаласында Бейжіңнің медициналық университеті Асфендияров университетімен меморандум жасады. Бұл Қазақстанның білім саласын шетелдікімен теңестіруге ықпал етеді деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы