387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл тұрғындарына берілетін несие көлемі ұлғаяды

  • 1453

Енді ауыл тұрғындарына 16 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Биылдың өзінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша берілетін қаржат көлемі 6 млн теңгеге дейін артты. Алдағы уақытта бұл сома өсе түсуі тиіс. Жалпы бағдарлама қолға алынған 2011 жылдан бері 744 мың адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, министр өз сөзінде мемлекеттік қаржыны мақсатсыз пайдаланып, қарызын уақтылы қайтармай жүрген азаматтарға қандай шара қолданылатынын да атап өтті.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Биылғы жылы 37 млрд теңге қайтып келіп түсуі керек. Соның қазір 1 қарашаға 31 млрд келіп түсті. 1,9 млрд қаражат жөнінде қиындықтар бар. Ол жөнінде әкімшіліктер жұмыс істеп жатыр. 61 кредит бойынша сот жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, биыл еліміз бойынша алғаш рет 8 кәсіпорынның жұмыс уақыты қысқарған еңбеккерлеріне мемлекеттік субсидия бөлінді. Үкімет сағатында атқарылған жұмыстар оң бағаланып, өзекті мәселелер талқыланды. Бір топ депутат кәсіпкерлер алған несиенің қайтару мерзімін ұзарту қажеттігін айтса, енді бірі бұл бағдарламадан тіпті бейхабар азаматтардың да бар екенін алға тартты.  

Хабар 24 телеарнасы