389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті

  • 1662

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға бұл төртінші сапары. Соңғы рет Президент 2008 жылы келіп, маңызды мәмілелерге қол жеткізген еді. Бұл жолы экономикалық және әріптестіктің көкжиегін одан әрі кеңейту көзделді. Премьер-Министр Синдзо Абэ бұл жолы да бар сән-салтанатымен қарсы алды. Ресми Токионың Қазақстанмен әріптестік орнатқанына келер жылы 25 жыл толады. Достықтың мерейлі жылы алдында екі елдің көшбасшылары көп істі ілгерілетуге бел буды.

Әсіресе экономика саласын дамытуға бейіл. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 1,5 млрд долларға жеткен. Бірақ әлеует одан да үлкен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Конечно, основным локомотивом двусторонних взаимоотношений является экономика, взаимная торговля. Мы уделили большое внимание этому вопросу. Казахстан – крупнейший торгово-экономический партнер Японии в Центральной Азии и наоборот. Объем нашего товарооборота пока 1,5 миллиарда долларов. Это не тот уровень, который имеет соответствующий потенциал. И мы будем неуклонно расширять горизонты нашего взаимодействия, в том числе в высоких технологиях, сельском хозяйстве, атомной энергетике, автомобилестроении и металлургии.

Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі:

- Бұл кездесу біздің достығымызды одан әрі нығайта түседі деп білемін. Қазақстанның бизнес климатын жақсы білеміз. Жапон компанияларының сіздерде жұмыс істеуіне мүмкіндік мол. Біз мұны ескеріп, екіжақты жұмысты жүйелейміз.

Тұрақтылықты тұғыр еткен Қазақстан мен Жапония экономикалық қатынасты мықтауға әзір. Қос тарап осы уақытқа дейін бірлескен жобаларды іске асырды. Инфрақұрылым және өндіріс саласына жапон бизнесмендері инвестиция салды. Алайда бұл байланыс алдағы уақытта да нығая түспек. Нақтырақ айтсақ, қос тарап ауыл шаруашылығы, медицина және инфрақұрылым салаларында әріптестікті дамытпақ. Кеңес соңында бірқатар маңызды келісім жасалды. Екі елдің көшбасшысы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Және министрлер арасында да маңызды мәміле жасалды. Соның бірі ендігі жылы Жапония ЕХРО көрмесіне белсенді қатыспақ.

Хабар 24 телеарнасы