387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» телеарнасында жаңа «Давайте говорить» ток-шоуы

  • 869

«Хабар» арнасында жаңа қоғамдық-әлеуметтік ток-шоу. «Давайте говорить» деп аталады.

Жобада жұртшылықты толғандыратын ең маңызды мәселелер қозғалмақ. Бағдарламаны жасау үшін кәсіби шығармашылық топ жұмылдырылған. Олар жобаның танымал ток-шоуға айналарына сенімді. Күнделікті жұмыс барысы демесеңіз, кәсіби мамандар жобаның сапалы болуына барын салуда. Таңның атысы, кештің батысы студияда қызу жұмыс.

Вячеслав Мокин, «Давайте говорить» ток-шоуының қоюшы-режиссері:

- Техникалық қызмет, шығармашылық топ, сәндеушілерді қосқанда 100-ге жуық адам жұмыс істеді. Бұл үлкен кәсіби ұжым.

Күрделі әрі әдемі декорациялар. Заманауи студия. Бағдарламаны жасау кезінде әр деталь мұқият сүзгіден өтті.

Мая Бекбаева, «Давайте говорить» ток-шоуының жүргізушісі:

- Бұл телеарна үшін мүлде жаңа формат. Ток-шоу шын мәнісінде біздің спикерлер мен қонақтардың ең маңызды, әлеуметтік көкейтесті мәселелерді талқылайтын алаңы болса деп тілейміз.

Мәселелер шынымен де әлеуметтік көкейтестілердің қатарынан. Білім беру мен әлеуметтік саладан, педофилия, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа дейін. Бағдарламаға қатысушы - зорлаушының қолынан қаза болған кішкентай қыздың әжесі мұндай ток-шоуға келмеске шара болмады, - дейді.

Елена Богатикова, «Давайте говорить» ток-шоуына қатысушы:

- Маған «Хабар» арнасының қызметкерлері хабарласып, осындай жаңа жобаның болайын деп жатқанын айтты. Мұндай көкейтесті мәселені айту қиын, бірақ айтылуы тиіс.

Мерзімі жеткен мәселе жайлы көрермендермен бірге танымал адамдар атсалысады. Шоу-бизнес жұлдыздарынан бастап, саясаткер, сарапшыларға дейін тартылды.

Әлия Баймұхамедова, шеф-редактор, жоба жетекшісі:

- Біз үйреншікті форматтарға ұқсамайтын ток-шоу жасағымыз келді. Адамдарды дауластыру емес. Мақсат - мәселені қозғай отырып, шешу жолын іздеу, белгілі бір тұжырым жасау.

Бағдарлама әр сейсенбі, сәрсенбіде және бейсенбі прайм-тайм уақытына кешкі 20:20-да болады. «Хабар» агенттігінің жаңа телепремьерасын жіберіп алмаңыздар.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Назия Тұяқова, Санжар Жартиев.

Хабар 24 телеарнасы