385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамптың сайлаудағы жетістіктері туралы хабар Мексиканың ақшасын құлдыратты

  • 703
Трамптың сайлаудағы жетістіктері туралы хабар Мексиканың ақшасын құлдыратты https://www.ft.com/

АҚШ-та өтіп жатқан президенттік сайлауда үміткер Дональд Трамптың негізгі штаттарда басым дауыс жинағандығы туралы ақпарат Мексиканың ұлттық валютасы – песоның едәуір құлдырауына апарып соқтырды, деп хабарлайды Financial Times.

Трамптың саяси шарада жеңіп шығуы мүмкін екендігі туралы хабар тарағаннан кейін песо 1994 жылғы деңгейге дейін арзандапты. Сол кезде Мексикада девальвация болған еді. 

Әлемдік нарықта алтынның бағасы артып, құнды металл 2,8%-ға қымбаттады. Сайлау туралы жан-жақтан келіп түсіп жатқан алуан түрлі ақпарат мұнайдың бағасын арзандатты.

Естеріңізге сала кетсек, сайлауалды науқан барысында Дональд Трамп президент болып сайланған жағдайда Мексикамен екі ортаға биік қабырға тұрғызып, АҚШ-тағы заңсыз иммиграция мәселесін түбегейлі шешетіні туралы талай рет айтқан еді.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы