385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау қорытындысы АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді

  • 714

АҚШ-тағы сайлау науқанының қорытындысы біздің елмен қарым-қатынасқа әсер етпейді.

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев ой-пікірі осыған саяды. Халық қалаулысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың басым екі бағытын атап өтті. Соның бірі - экономикалық әріптестік. Біздегі мұнай-газ секторына көбіне-көп америкалық компаниялар инвестиция құйған. Өзара сауда-саттық қарқынды дамып келеді. Ал екінші басым бағыт - қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Еліміз экстремизм және терроризммен күресте құрама штаттарға көмектесіп жатыр, - дейді депутат.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мен Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы тұрақты болады деп есептеймін. Екі мемлекет үшін де маңызды басымдықтар бар. Сондықтан сайлау науқанының қорытындысы арадағы ынтымақтастыққа әсер етпейді.

Хабар 24 телеарнасы