389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жапонияға жасаған мемлекеттік сапарын қорытындылады

  • 663

Жапония осы уақытқа дейін Қазақстанға 9 миллиард доллар инвестиция салды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артып, екі елдің байланысы одан әрі жанданады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға жасаған сапарын Хиросима қаласында қорытындылап, осындай мәліметтер келтірді. Президенттің Күншығыс еліндегі ресми сапары 3 күнге созылды. Сол аралықта қос тарап 20-ға жуық кездесу өткізді. Кеңестерде маңызы үлкен келіссөздер жасалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ бірлескен мәлімдеме құжатын бекітті.

Қабылданған қаулы аясында енді қос мемлекет көп істі бірлесіп атқарып, достық байланысты бекемдейді. Онымен бірге Жапония Экспо-2017 көрмесіне белсенді түрде қатысу шартымен алмасты. Демек ендігі жылы Астанаға Жапонияның жұрты мен бизнесмендері көптеп келеді. Нәтижесі де жаман болмайды, кәсіпкерлік байланыс артады. Ол келісімдер, әрине, ел экономикасына пайда түсіреді. Оның сыртында білім саласындағы байланыста берік болып беки береді. Екі ел университеттерінің оқытушылары мен студенттері тәжірибе алмасады. Ел президенті осы бекітілген байланыс арқылы жұмыс істейміз, нәтижесі де көзге көрінерлік болады, - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл елмен және Азия құрлығында тұрған елмен қарым-қатынас жасау біз үшін өте қажет. Сондықтан осы сапармен келдім. Менімен бірге Үкімет мүшелері, біздің іс адамдар өздерінің әріптестерімен кездесіп, танысып көп нәрсеге қол жеткізді деп санаймын. Бірнеше контрактыларға қол қойылды. Абэ мырзамен бірлескен мәлімдеме қабылдап, екі елдің арасында болашақта стратегиялық қатынас болады деп барлық істейтін болашақтағы шаруаларымызды тәмәмдадық. Оның ішінде қарым-қатынастың ең жоғарғысы ол сауда-саттық экономика мәселесі. Бұл жағынан ауқым тауар айналым көбеюі үшін қандай шаралар қолдану керек екенін екі жақты үкіметаралық комиссияға тапсырдық. Қазіргі қарым-қатынастың негізі ең бірінші болып энергетика саласында, атом энергиясы төңірегінде, уран төңірегінде, одан кейін инфрақұрылым төңірегінде, әсіресе машина құрылым, ғылым мен техника мәселелері жөнінде біраз келісімдерге қол жеткіздік деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы