Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда көк мұздың бетінде «сейіл құратындар» сейілер емес

  • 1029
Қостанайда көк мұздың бетінде «сейіл құратындар» сейілер емес

Күн суытқанымен, Қостанай облысында өзен-көлдер толық қатып үлгірген жоқ.

Жұқа мұзда жүру қауіпті. Қатерді ескермеген бір балықшы жақында суға кетті. Алайда жұрт бұдан сабақ алмаған сыңайлы. Көк мұздың бетінде «сейіл құратындар» әлі де сейілер емес. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері рейдке шықты. Құтқарушылар күн сайын балықшыларға жадынамалар үлестіріп, ескерту жасайды. Алдын алу шарасы облыс бойынша жүріп жатыр. Ескеру тек балықшылар емес, барша тұрғындарға қатысты.

Орынқыз Меңдібаева, Облыстық ТЖД алдын алу бөлімінің басшысы:

- Қазір мұз жөнді қатқан жоқ. 3-5 сантиметр шамасында ғана. Өте қауіпті. Балықшыларға ескерту жасап жатырмыз, рейдтік жұмыстар жүріп жатыр күнделікті. Қостанай облысының азаматтарына айтқым келгені балаларды қараусыз қалдырмау. Былтыр бізде екі кішкентай бала мектептен келе жатып, мұздың астына түсіп кеткен болатын. Бұндай жағдайлар бар. 

Хабар 24 телеарнасы