388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бәзбіреулер Грекиядағы Францияның елшілігіне граната лақтырып кетті

  • 560

Грекия астанасы Афиныда белгісіз біреулер Францияның осы елдегі елшілігіне граната лақтырып кетті.

Олар шабуылды мотоциклмен кетіп бара жатып жасаған. Салдарынан бір күзетші жарақат алып, ғимарат зақымданды. Оқиғадан кейін дипломатиялық өкілдік маңы қоршалып, тексеру жүргізіліп жатыр. Әзірге шабуылды ешқандай радикалды топ мойнына алған жоқ. Ал Грекияда елшіліктерге және саясаткерлер мен кәсіпкерлерге шабуыл жиі жасалады. Оның артында көбіне солшылдар мен анархистер тұрады. Мысалы, 2013 жылы Афиныдағы Германия мен Израиль елшіліктеріне автоматтан оқ жаудырылған.

Хабар 24 телеарнасы