375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай көшелері көктайғаққа айналды

  • 714

Қостанайда екі күн бұрын жауған қар аралас жаңбырдың соңы аязға ұласты.

Салдарынан облыс орталығының көшелері көктайғаққа айналды. Қазір күн біресе еріп, біресе суытып, тұрғындарды әбігерге салып тұр. Кешелі бері көшелерде құлап, қол-аяғы шығып, жарақат алғандардың қатары көбейген. Қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінде қазір жұмыс қауырт. Әдеттегі күндері мұнда 40-50 науқас шағыммен келетін болса, қазір ол екі есеге дейін артқан.

Игорь Войтов, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:

- Кеше 89 адамға жәрдем көрсеттік. Бүгін түске дейін жарақатпен келген жетпіске тарта науқасты қарадық. Көбісі тізе, тобығын тайдырып, етін ауыртып алған. Қатты зақым алған 7-8 адам ауруханаға жатқызылды. Ауа райына байланысты туындаған жағдайды бақылауға алып отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы