385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы әуежайы қысқы Универсиада қонақтарын күтіп алуға әзір

  • 658

Қысқы Универсиада ойындарын көруге келетін туристерді қарсы алу үшін Алматы халықаралық әуежайының қызметі талапқа сай болу керек.

Бұл туралы қоғамдық кеңесте әуежай жұмысының дайындығын тыңдаған шаһар басшысы айтты. Бірақ ондағы баға көрсетілетін қызмет көпшіліктің көңілінен шықпайды деді әкім. Дүңгіршіктерде тауарлардың бағалары көбіне көрсетілмейді, одан кейін ұзақ сапардан келген жолаушылар тағы бірнеше сағат тексеруден өте алмай, жүйкесі тозып тұрғаны. Тазалық мәселесіне де назар аудару қажет екенін Бауыржан Байбек қатаң ескертті. Бір айдан соң туы көтерілетін жаһандық жастар жарысына 56 елдің спортшылары мен 300 мыңнан астам турист келеді.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Бүгінде қала бюджетінің 86 пайызы шағын және орта бизнес, сервистік қызмет пен туризм саласына тиесілі. Туризм Алматыны түлетіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндік береді. Бірақ ол үшін елімізге келетін қонақтарға сапалы қызмет көрсету керек. Тек жергілікті билік емес, барлық сала осыған барынша ат салысса, қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы