386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХВҚ Мысырға 12 миллиард доллар несие бермек

  • 524

Халықаралық валюта қоры Мысыр еліне 12 миллиард доллар несие беретін болды.

Оның 3 миллиардқа жуығы Каирға тиесілі. Мұндай шешімді ел билігі ұлттық валютаны еркін айналымға жіберіп, жанармай бағасы шарықтаған соң қабылдап отыр. Қаржы елдің макро-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және еңсесін тіктеуге жұмсалады. Айта кеткен жөн, Мысыр экономикасы 2011 жылғы толқулардан соң құлдырап, ішкі жалпы өнімі едәуір төмендеді. Елде инфляция шарықтап, соңғы екі жылда 10 пайызға жеткен. Ал Орталық банк фунт бағамын байлаудан босатқалы "көлеңкелі" нарық үдей түсіп, саудагерлердің дені долларды қара базардан сатып ала бастады.

Хабар 24 телеарнасы