386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда піл сүйегі мен мүйізтұмсық мүйізінің көзі жойылды

  • 1039

Вьетнам билігі 2 тонна піл сүйегі және мүйізтұмсық мүйізінің көзін жойды.

Бұған дейін оларды жергілікті полицейлер тәркілеген болатын. Жасырын тауардың қай елден келгені әзірге белгісіз. Оның қара нарықтағы құны 7 млн долларға дейін жетуі мүмкін. Жалпы, бұл шара сұғанақ аңшылықпен күрес аясында жүргізілген. Келесі аптада Вьетнам астанасы Ханойда осы мәселеге қатысты халықаралық конференция өтуі тиіс. Айта кеткен жөн, қаскөйлер пілдердің сүйегі мен мүйізтұмсықтардың мүйізінен дәрі дайындап, түрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланады.

Хабар 24 телеарнасы