376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қанат Ислам: Жігерлі адам қандай қиындық болса да жеңіп шығады

  • 1673

Боксшы Қанат Ислам мұнайлы өлкеге ат басын бұрды.

Ұлт ұланы аймақтағы спорт кешендері, дене шынықтыру орталықтарында шеберлік сабағын өткізді. Бүгінгі таңда спортсүйер қауымның Қанат Исламды өздеріне үлгі тұтпайтыны кемде-кем. Сондықтан да әйгілі боксшы Атырау жастарына шеберлік кластарынын өткізді. Сонымен қатар жетімдер үйі және мүгедектерге арналған спорт кешеніне арнайы барып, бірнеше кездесу ұйымдастырды. Қанат Ислам жастарды ұлтын сүюге, намысты, жігерлі болуға шақырды. «Өйткені жігерлі адам қандай қиындық болса да жеңіп шығады», - дейді әйгілі боксшы.

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:

- Қаншама қиындықтар бар кезде, кей кезде спорттан кеткіңіз келеді. Қаншама адамдар да бар өз-өзіне қол салатын. Қарасаңыз, әлсіздігіміз білініп қалады. Ал бұлардың өзі мүмкіндігі шектеулі болып тұрып, спортта жүріп, сондай жетістіктерге жетуінің өзі үлкен батырлық. Солардың бойынан, мінезінен менің өзім көптеген нәрсе үйренуіме болады. Өзім соларға қарап ұяламын. Шаршаған кездеріңді ойлап, қиналған кездеріңді ойлап, мен мынаны істеп қиналған кезде деп айтудың өзіне ауыз бармайды.

Хабар 24 телеарнасы