380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда достықты дәріптеген мейрам ұйымдастырылды

  • 1043

Қостанайдағы «Қоғамдық келісім» сарайында Беларусь және Балтық жағалауы елдерінің өкілдері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін паш етті.

Шара «Асар» этномәдени орталығында ұйымдастырылды. Халықтар арасындағы достықты дәріптейтін мереке «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық акциясы аясында өткізілді. Мейрам меймандары ұйымдастырушылар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, олардың өнеріне тәнті болды. Жиында ұлтаралық келісім мен бірлікті бекемдеуге атсалысып жүрген белсенділер марапатталды.

Ольга Нечаева, «Вольница» ансамблінің мүшесі:

- Ән арқылы түрлі халықтың салт-дәстүрін, болмысын үйренеміз. Сен орыссың, сен белоруссың, сен украинсың, сен қазақсың деп бөлінбей, баршамыз бір отбасының мүшесіндей араласу үшін де осындай мерекелер жиі өтуі керек. Ол халықтарды бір-біріне жақындата түседі.

Хабар 24 телеарнасы