388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда «Қазақстан өңірлерін дамыту» жобасы аяқталды

  • 558

Маңғыстауда Еуропалық одақтың «Қазақстан өңірлерін дамыту» жобасы қорытындыланды.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлік нығайып, өңірге инновациялық жобалар тартылды. Соңғы үш жылда «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағында жеті өндіріс орны ашылды. Келешекте тағы үш кәсіпорын салынбақ. Туризм саласында құны 8 млрд теңге болатын төрт жоба жүзеге асты. Көрнекті жерлерге саяхат, дайвинг-желкенді қайық клубтары және этно-ауылға келетін туристер саны артты. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында қыруар іс атқарылды. Ауылдарда жергілікті бюджетті құру бойынша мамандардың біліктілігі арттырылған.

Шолпан Ілмұханбетова, облыс әкімінің орынбасары:

- Шетелдік мамандар ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметкерлерді оқытты. Олар жергілікті бюджеттің кіріс-шығысын дұрыс есептеуді үйренді. Салықтық төлемдерді жинау жұмыстарын қалай жүргізуді меңгерді. Мұның барлығы жоба аясында жасалған шаралар.

Траян Христеа, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі:

- Бағдарлама жергілікті әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асты. 3-4 жылда қазақстандық мамандар жинақтаған тәжірибе өзге өңірлердің дамуына да жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы