380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда каратэден Қазақстан кубогы жолындағы бәсекелер өтіп жатыр

  • 1025

Шорт-трек спортының шебері Абзал Әжіғалиев Әлем кубогы жолындағы жарыста топ бастады.

Екінші кезеңде мәре сызығын бірінші болып кескен Абзал ендігі бәсекелерге де тас-түйін дайын.

Солтейкитиде өткен Әлем кубогы кезеңінде қазақ шорт-трекшісі Абзал Әжіғалиев топ жарды. Бес жүз метрге жүгірген жігіттер арасынан суырылып шыққан Абзалды қазір әлем мамандары мойындап жатыр. Ә дегенде канадалық Чарльз Хэмлин қарсыластарының алдына түскен болатын. Алайда соңғы метрлерде сүрініп кетіп, қытай Ханды алға салды. Ұрымтал сәттің келгенін ұққан Абзал да жылдамдығын арттыра түсті. Нәтижесі белгілі. Әжіғалиев Әлем кубогы жолындағы жарыстың кезең чемпионы. Бес мың метрлік эстафетада біздің жігіттер қола медаль алғанын да айта кетейік.

Атырауда киокушин каратэден Қазақстан кубогы жолындағы бәсекелер өтуде. Кешелі бері бірнеше салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Атап айтсақ, жарыс иелерінің екпіні жақсы. Кристина Сайнова мен Андрей Котов кубок иегерлері. Сол сияқты Астанадан келген спортшылар да қарсыластарының осал тұсын табуда. Мысалы, Жәнібек Бұршақбаев, Данияр Әлимусинов пен Нұрлыхан Сәдуақасов өз салмақ дәрежелері бойынша үздік шықты.

Еуропа құрлығында 2018 жылы өтетін дүниежүзілік доп додасының төртінші тур ойындары өтуде. Португалия Латвияны қабылдады. Кімнің шоқтығы биік екені байқалып тұрса да, матч тарысқа толы болды. Мысалы, қонақтар кездесудің алпыс жетінші минутында таразы басын теңестірген. Оған дейін Криштиану Роналду есеп ашқан. Бірінші таймда, жиырма сегізінші минутта. Матчтың аяқталуына жиырма минут қалғанда Карвалью Португалияны жеңіске жетеледі. Латыштар шаршап қалды ма, әлде алаң иелері іс насырға шабады деп ойлады ма, алдымен Роналду, кейін Бруну Алвеш мергендік танытып, құрлық чемпиондары 4:1 есебімен басым түсті. Жеңісті күндерде жүздескенше.

Авторы: Амангелді Сейтханов  

Хабар 24 телеарнасы