387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем валюталарында ел президенттерінің суреті қаншалықты жиі кездеседі?

  • 760

Мұстафа Кемаль Ататүріктің суреті Түркиядағы барлық банкнот бетінде бар.

Өйткені алғашқы президент ретінде ол еліне аянбай тер төкті. Сәйкесінше «ақшадағы бейне ұлы тұлғаға көрсетілген өзіндік құрмет», - дейді жергілікті тұрғындар.

Неджметтин Улуман, Түркия тұрғыны:

- Мұстафа Кемаль Ататүрікті халық мақтан тұтады. Ол тәуелсіздігіміз үшін тер төкті. Ұлы қайраткер және ұлы қолбасшы. Сондықтан 5 лирадан бастап, 200 лираға дейінгі барлық төл ақшамызда оның бейнесі бар.

Бұған қоса бірінші президенттің бейнесі Малайзия, Сингапур, АҚШ сияқты елдерде бар. Мәселен, соңғысындағы Джордж Вашингтон құрлықтық армияны басқарып, ұлы державаның негізін қалаған. Қазір оған ел астанасының аты және 1 доллар ортасындағы құрметті орын бұйырған.

Рафаэль Емпси, Нью-Йорк тұрғыны:

- Құны төмен болғанымен, 1 долларлық купюралар өзіме ыстық көрінеді. Өйткені оның бетінде Америкадағы демократияның негізін салушының бейнесі бар.

Сонымен қатар малайзиялық рингиттен тағы да алғашқы президент Туанку Абдул Рахманның суретін кездестіруге болады. Ал үндістандықтар үшін 15 тамыздың орны ерекше. Өйткені біраз жыл ағылшындардың отарында болып келген ел ақыры тәуелсіздігін алды. Ал оған тікелей себеп болған Махатма Гандидің бейнесі қазір жергілікті ақшалардан кездесіруге болады.

Авторы: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы