387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брюссельде әскерилер наразылық шеруіне шықты

  • 715

Бельгия астанасы Брюссельде 10 мыңға жуық әскери үкіметтің реформасына қарсы наразылық шеруге шықты.

Олар биліктің зейнеткерлікке шығуды 53-тен 63 жасқа дейін көтеруіне қарсы. Ал үкімет өтемақы мөлшерін де қысқартуды көздеп отыр. Сондықтан әскерилер елдің қорғаныс министірімен кездесіп, оған өз талаптарын қоймақшы. Ал министр Стивен Вандепут шеруді ұйымдастырушылармен бұған дейін кездесіп, өзгерістердің мағынасын түсіндіріп, кәсіподақтармен келіссөз жүргізуге уәде еткен.

Ханс Лежен, кәсіподақ өкілі:

- Біз зейнеткерлікке 63 жастан шығуға қарсымыз. Қазір оған 56 жастан шығады және ол дұрыс. Оның үстіне үкімет осы реформа шеңберінде өтемақыны да қысқартуды көздеп отыр. Азаматтардың қауіпсіздігін қорғау ізгі міндет. Алайда біздің қатарымызда осы қызметтің салдарынан ажырасып жатқандар көбейді. Себебі олар қызмет бабымен отбасын ұзақ көре алмайды.

Хабар 24 телеарнасы