377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

BI Group компаниясы ЭКСПО павильоны бөлігінің құлауына байланысты мәлімдеме жасады

  • 1101
BI Group компаниясы ЭКСПО павильоны бөлігінің құлауына байланысты мәлімдеме жасады

BI Group компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін сағат 13:30-да Халықаралық мамандандырылған көрме аумағында С1 мен С2 павильондары арасындағы декоративті көпір ретінде салынған құрылым құлады.

Айта кету керек, бұл құрылым тек декоративті болып табылады әрі ол ешқандай функционалдық қызмет атқармайды. Құлаудың салдарынан оның жанындағы павильондарға зиян келген жоқ.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жалған. 

Нысан мердігері - BI Group холдингінің еншілес компаниясы құрылымды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды атқаратын болады.

Сергей Куянов, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ҰК бұқарамен байланыс жөнінен департамент директоры: «Павильондар арасын жалғастырып тұрған көпір түріндегі құрылыс бөлігі құлады. Тек аздап әйнек шағылды. BI Group компаниясының мердігерлері өздерінің жобалаушы мамандарын алдырып, Астана ЭКСПО болса, ҚазҚСЖИ мамандарын шақыртты. Олар құлауға не себеп болғанын анықтайды. Ұзындығы 70 метр, салмағы 320 тонна болатын құрылыс бөлігін мердігер өз есебінен қалыпқа келтіреді».

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы