384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда өрт қауіпсіздігін қаперге салатын үгіт-насихат трамвайы жолға шықты

  • 801

Павлодарда өрт қауіпсіздігін қаперге салатын үгіт-насихат трамвайы жолға шықты.

Қоғамдық көлікте жолаушыларға үндеу жасалып, үйге от жаққанда абай болуды және күнделікті өмірде қарапайым талаптарды сақтау ескертіліп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жылыту маусымы басталғалы бері өрт жиілеп кеткен. Насихат жұмыстары осындай қайғылы жағдайдың алдын алуға бағытталған. Бір трамвай 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіп, тәулігіне мыңнан астам жолаушыны тасымалдаумен қатар, ел-жұртты сақтыққа үндеп жүр.

Ринат Аалищанов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

- Тұрғын үй секторында өрт пен газдан улану оқиғалары жиілеп кетті. Оқыс жағдайлар пешті қолданудағы қателіктердің салдарынан орны алып отыр. Бүгінгі күнге дейін тұрғын үй секторында 365 өрт тіркелді. Өкінішке қарай, 14 адам қайтыс болды. Олардың қатарында бір бала бар.

Хабар 24 телеарнасы