386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында тарихи-мәдени мұралардың электронды картасы пайда болады

  • 1087

Ақмола облысында аймақтағы тарихи-мәдени мұралардың электронды картасы әзірленіп жатыр.

Мұндай инновациялық жобаны облыстық мәдениет басқарамасына қарасты Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, Қазақстанның ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының мамандары бірлесе жүзеге асырмақ. Бұл арқылы тарихи ескерткіштерді кез келген адам онлайн режимде көріп, таныса алады. Үш жылға созылатын жұмыстардың алғашқы нәтижесі де жаман емес. Мәселен, археологтар биыл Ерейментау ауданының аумағынан 70 тарихи нысанды тапқан. Аталған қорымдардың тас дәуірінен бастап орта ғасырға дейінгі кезеңге тән екені анықталған.

Ақан Оңғар, ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ҒЗИ директоры:

- Қазіргі таңда біз Қазақстанның жерінде жалпы қанша ескерткіш бар екенін толық білмейміз. Бұл мәліметтің барлығы ескі мәлімет болып есептеледі. Қазіргі замандағы геоақпараттық жаңа жүйелер бар. Солардың жетістіктерін пайдалана отырып, әр аудан бойынша ескі тарихи мәліметтер мен қазіргі археологиялық барлау жұмыстарында тапқан дүниелерге негізделе отырып, үлкен карталар жасау.

Талғат Ыбыраев, облыстық Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

- Қорғау-құтқару жұмыстарына арналған экспедициямыз бар. Сол экспедицияның биылғы жылы қаражаты аз болғаннан кейін, 3 археологиялық ескерткіштің құтқару жұмыстарына ғана қатысты. Жоспарымызда 7-8 жыл сайын. Қаражат жағынан облыстық әкімдік көмектесеміз деп отыр. Біз 12 жылдың ішінде 66 ескерткішті қорғадық. Сосын облыстық мұражай қорына 1044 артефакт бұйым тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы