385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы Ковалев пен Уорд арасындағы жұдырықтасуды көрсетеді

  • 663
«Хабар» арнасы Ковалев пен Уорд арасындағы жұдырықтасуды көрсетеді фото: AKBoxing.ru

«Хабар» телеарнасы 20 қараша күні таңғы сағат 9-да тікелей эфирден жартылай ауыр салмақ санатында өнер көрсететін Сергей Ковалев пен Андре Уорд арасындағы WBA Super, IBF, WBO титулдары үшін жекпе-жекті көрсетеді. 

Жұдырықтасу АҚШ Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena» спорт аренасында өтеді.

«Сөз жоқ, бұл кездесу - көптен күткен бокс жекпе-жектерінің бірі, кейбіреулер онжылдықтың басты спорт оқиғасы деп те айтады. Екі спортшы да – мықты боксшылар, сондықтан жұдырықтасудың немен аяқталатынын болжау қиын. Яғни көрерменді қызықты жекпе-жек күтіп тұр деген сөз, екі боксшы да өз шеберлігін барынша көрсететін болады» - деп ой бөлісті «Хабар» телеарнасының спорт продюсері Асқат Жақаев.

Сергей Ковалев – 33 жастағы ресейлік кәсіпқой боксшы. WBA Super, IBF, WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

Андре Уорд – 32 жастағы американдық кәсіпқой боксшы. WBA, WBC, The Ring нұсқасы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы. 

Хабар 24 телеарнасы