389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Видеороликте нәрестені аяусыз ұрған әйел табылды

  • 1150
Видеороликте нәрестені аяусыз ұрған әйел табылды фото: russ-smi.ru

Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесе өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында өзінің сәбиін ұрған әйел көрші мемлекетте қолға түсті.

Қазіргі таңда одан жауап алынды. Оның Өзбекстан азаматшасы екені белгілі. Ол өзінің кінәсін толықтай мойындап отыр.

Аталған Өзбекстан азаматшасы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған. Осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының аясында оны жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.

Қылмыстық іс материалдары Өзбекстан Республикасына күдіктінің тұрғылықты мекен жайы бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін жолданатын болады. Осы мақсатта халықаралық тапсырма әзірлену үстінде. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.

 

Хабар 24 телеарнасы