387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада билеттеріне сұраныс артып келеді

  • 489

Спорт жанкүйерлері асыға күтіп жүрген XXVIII Қысқы Универсиадаға 70 күндей қалды.

Бір ай бұрын сатылымға шыққан билеттердің бағасы қарапайым халық үшін қолжетімді. Сондықтан болар билетке деген сұраныс күн санап артып келеді.

Күллі әлем көз тіккен кешенді сынның дүбірі жақындай түсті. Сондықтан билет сату науқаны да қыза түсті. Осы күнге дейін Универсиада билеттерінің 2 мыңға жуығы сатылған. «Әзірше шайбалы хоккей мен биатлон, шаңғы жарыстарының билеттеріне сұраныс көбірек», - дейді сатушылар.

Кассир:

- Универсиадаға 15 қазан күні билеттер түсті. Күн сайын артып келе жатыр.

Қазіргі таңда қаладағы Балуан Шолақ спорт сарайы мен Республика сарайының кассаларында Универсиада билеттері сатылуда. Жарыстарға ең арзан билет құны 300 теңгеден басталса, ең қымбаты 3 жарым мың теңге. Ал ашылу немесе жабылу рәсімін жақсы орында отырып тамашалағыңыз келсе, 15 мың теңге төлейсіз.

Билет сатып алушы:

- Шаңғыға алып жатырмын. Мен өзім шаңғыны жақсы көретін едім. Бүгін билетті ертерек алып қояйын деп шештім. Бағалары жақсы 1000 теңге 1500 теңге. Халыққа қолжетімді.

Универсиада билеттері бүгіннен бастап еліміздің басқа да қалаларында сатыла бастады. Жанкүйерлердің билетті үйде отырып-ақ сатып алатын мүмкіндігі бар. Ол үшін интернеттен Kassir.kz сайтын тауып алсаңыз болғаны.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы