386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында аязға байланысты сақтық шаралары күшейтілді

  • 843

Ертіс өңірін Арқаның сақылдаған сары аязы қыспаққа алып тұр.

Синоптиктер қарашаның 19-ы мен 20-сы аралығында сынап бағанасы -40 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Осыған байланысты мектеп оқушылары күні бұрын сабақтан босатылса, мекемелер мен кәсіпорындар апаттың алдын алу шарасын күшейткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барлық саланы дайындыққа келтіру үшін хабарлама таратып жатыр. Әсіресе облыс аумағындағы жолдар жіті бақылауға алынған. Павлодарлық құтқарушылар жолда қалған Омбы бағытындағы автобустың 35 жолаушысын жылыту қосынына жеткізді. Әзірге өңірде аяздан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Серік Шериязданов, Облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы:

- Жолды қалпында ұстау үшін «Қазақавтожолда» 70 бірлік техника дайындалды және жергілікті маңызы бар жолдарда 295 бірлік техника бар.Трасса бойынша жылу пунктері дайын. 

Хабар 24 телеарнасы