386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Балет» театры жаңа ғимаратқа көшеді

  • 785

Қазір мамандар құрылыс жұмыстарын пысықтап жатыр.

Заманауи талаптарға сай салынған нысан әлемдегі үздік театрлардан кем түспейді. Мұнда дайындық, емтихан және концерттік зал орналасқан. Құрылысы өткен жылы басталған сәулет нысанының аумағы 15 мың шаршы метрге жуықтайды. Мамандардың айтуынша, 783 көрерменге арналған концерттік зал соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Ал, сахнада балет қойылымдарынан бөлек, оркестрдің өнерін тамашалауға болады. Айта кетейік, «Астана Балет» театры 10 желтоқсанда ашылады.

Талғат Жансейітов, құрылыс нысанының басқарушы директоры:

- Жыл сайын бренд, сапа жақсарып отырады. Мен театрдағы дыбыс пен жарықтың, жалпы айтқанда, орнатылған кез келген құрылғының сапасы жоғары екенін сеніммен айта аламын. «Астана Балет» театры бірегей сәулет нысандарының бірі. Мұндай ғимарат жылда тұрғызылып жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы