389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстандық кәсіпкерлер инвестиция салуға ниетті

  • 683

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ертеден келе жатқан сауда-саттық енді кәсіпкерлік әріптестікке ұласты.

Бауырлас елдің қалталы азаматтары оңтүстікте бірлескен кәсіпорын құруға ынталы. Олар әсіресе ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика саласына қаржы құймақ. Өйткені ТМД елдеріне тікелей жол ашылады. Бұл туралы Шымкентте өткен қазақ-өзбек кәсіпкерлерінің жиынында айтылды. Екі ел арасындағы сауда айналымы өткен жылы 1,67 миллиард АҚШ долларына жетті. Әріптестік байланысты нығайту арқылы бұл көрсеткішті 5 миллиардқа жеткізу көзделіп отыр. Оңтүстіктің мүмкіндіктерін зерделеп шыққан көрші елдің инвесторлары өз қаржыларын салуға ниетті екендіктерін жеткізді. Болашақта осындай бірлескен 10 кәсіпорын құру көзделіп отыр.

Шомурод Шофазиев, «Узтрансспецстрой» қауымдастығының төрағасы:

- Индустриалды аймақта инженерлік құрылым 35 пайыз жеңілдікпен беріледі. Салықтан да көмектер бар екен, міне, осы жағы біздерге тиімді. Оған қоса Қырғызстан мен Беларусь және Ресей нарығына шығуға жол ашылады. Бұл өте қолайлы болады.

Ерік Өтембаев, ҚР Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- 1 миллионнан астам қазақ тұрып жатыр, ол да үлкен саясат.Адамдар да қонаққа келеді. Соның бәрін реттеу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Сол түрде қазір шекарамен де айналысып жатырмыз, аталған мәселемен біз әр мемлекеттік мекемелермен ақылдасып, сол жағдайдың бәрін түзетуге жұмыс жасап жатырмыз. Экономиканың саласы мен мәдениет және әлеуметтік сала ең бірінші сала болып есептеледі. Сонда инвестиция көбейеді, сонда біздің қарым-қатынасымыз да болады.

Хабар 24 телеарнасы